“АЛТАН БҮРГЭД” ИХ НААДМЫГ ЗОХИОН БАЙГУУЛАХ УДИРДАМЖ


КАЗАХ ҮНДЭСТНИЙ СОЁЛ УРЛАГИЙН АЛТАН БҮРГЭД

ИХ НААДМЫГ ЗОХИОН БАЙГУУЛАХ УДИРДАМЖ

 

Нэг. Их наадмын зорилго

Монгол Улсын Засгийн газрын 2012-2016 оны үйл ажиллагааны хөтөлбөрт “Соёл, урлагийн салбарт ... төр, иргэний нийгэм, хувийн хэвшлийн хамтын ажиллагааг дэмжин хөгжүүлнэ ...” гэж чухал зорилт дэвшүүлсэн билээ. Соёлын өв уламжлалыг хамгаалан хөгжүүлэх, олон нийтэд түгээн дэлгэрүүлэх талаар Засгийн газрын дэвшүүлсэн зорилтуудыг хэрэгжүүлэх хүрээнд Казах үндэстний  соёл урлаг, ёс заншил, өв уламжлалыг нийтэд сурталчлах, өвлүүлэн хөгжүүлэх зорилгоор энэхүү их наадмыг гурван жил тутам зохион байгуулна.

[ Унших...]

   

АЛТАН БҮРГЭД

КАЗАХ ТҮМНИЙ “АЛТАН БҮРГЭД” УРЛАГИЙН ИХ НААДАМД ТА БҮХНИЙГ ХҮНДЭТГЭН УРЬЖ БАЙНА.     

 

   

АЛҒЫС ХАТ

МҰСЫЛМАНДАР ЗИРАТЫНА ҚОРҒАН ТҰРҒЫЗЫЛДЫ

Бұдан бірер жыл бұрын «Баруун наран» деп аталатын қаланың күн батыс шалғайындағы мұсылмандар зиратына ауыл үйлер жақындап, маңына қоқыс төгіліп, аяқ асты бола бастағанына алаңдаған біздің ақсақалдар өкілі зиратты қорғауға алу жөнінде пікір ұсынған еді. Бұл ұсыныс пікірді Баян-Өлгий аймағының Улаанбаатардағы жерлестер алқасы назарына алып, үстіміздегі жылдың 3-ші наурыз күні арнайы шешім қабылдап, бұл істі ұйымдастырып атқарушы Жұмыс тобын құрған болатын. Сол күннен бастап Жұмыс тобы зират сыртына тұрғызылатын қорғанның суретін шығару, қаражат есебін жасату, атқарушы құрылыс компаниясымен келісім жасау, материалдық жабдықтармен қанымдау, қаражат көзін іздестіру сияқты қыруар іске кірісті. Қорғанның алғашқы жобасы бойынша 32.7 миллион төгрөг қажетті еді. Жұмыс тобы Наурыздың 3-ші жаңасынан мамырдың 15-не дейінгі 70 күн бойы толассыз қызметтеп, жерлес, қандас ағайындардың мұсылмандық ізгі ниет, шынайы көмегіне сүйеніп, 24.4 миллион төгрөг қаражат қорын жасады. Жұмыстың ауқымы қаражат мүмкіндігіне бағынышты болғандықтан мамырдың 15-нде 3 қанат, 300 метр қорған тұрғызылып, болашақ қажеттілік үшін зираттан төменгі 4 гектар таза алаң қоршауға алынды. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген ғой. Барша көптің құлшынысымен біткен бұл іске өлі аруақтар разы болып, олардың артындағы ағайын туыс, ұрпақтарының көңілі қош болғай! «Біткен іске сыншы көп» болса да бұл азда болса алғашқы ұмтылысымыз. Іс басындағы азаматтар мен іскер қожайын жастар, келешек ұрпақтар бұл бастаманы әрі қарай жалғастырып, кемін толтырып, кетігін жамайды дегенге сеніміміз зор. Қорған тұрғызуға шын ықласымен көмектесіп, қол ұшын берген, мұсылмандық ізгі ниетпен өздерінің қал-қадарынша байғазы ұсынған жерлес ағайын, қандас азаматтарға Баян-Өлгий аймағының Улаанбаатардағы жерлестер алқасы шын жүректен алғыс айтады! Сіздердің мұсылмандық ізгі тілектеріңіз алланың құлағына шалынып, аруақтардың қолдауын табуын, және де дендеріңізге саулық, қызметтеріңізден табыс тілеп, ұрпақтарыңыздың қызығын көруді алла нәсіп етсін демекпіз!!! Көптің көкейтесті тілегін орындау үшін белсене қатысқан Жұмыс тобының мүшелері мен Қорған құрылысының сурет жобасы мен қаражат есебін қайырым төлемсіз жасап берген Кәмерия қызы Касиранға, құрылыс жұмысын тікелей атқарған Орынбай ұлы Бәдел бастаған шаруашылық ұжымына үлкен рахмет жолдаймыз?!

Баян-Өлгий аймағының Улаанбаатардағы Жерлестер алқасы.

                               2014 жылы, 21-ші мамыр. Сәрсембі

«Баруун наран»-дағы мұсылмандар зиратының қорған суреті

Ескерту:

1.    Қорған ішіне мәйіт артқан машинадан өзге машиналар кіруге болмайды

2.    Қайтарда қақпа есігін бекітуді ұмытпаңыздар!

3.    Қорған ішіне артық батпақ, топырақ, қоқыс тастауға, ыластауға болмайды

   
Баннер
Developed by JoomVision.com